Ағымдағы жағдайды талдау

Ағымдағы жағдайды талдау

 

  1. Негізгі жетістіктер. Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі жаңа моделін іске асырады. Бұл процесс «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда: сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деңгейінде танытатын және мемлекет пен қоғамға осы жағымсыз құбылысқа қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге бағытталған мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Бес институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. Бұл құжаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жүйелік жағдайларын және кез келген көріністеріне қоғамдағы төзімсіздікті қалыптастыруды қарастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында «Нұр Отан» партиясы көп жұмыс атқарады. Елдің жетекші саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы өзінің ең маңызды міндеттерінің бірі ретінде бүкіл азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіреді. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Нұр Отан» 2025 жылға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны әзірледі. Ол Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына негіз болды.

Соңғы үш жылда 60-тан астам заң қабылданды, олардың әрқайсысы жемқорлықты азайтуға бағытталған. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және тағы басқа заңдары ерекше маңызға ие.

Қабылданған жүйелік және кешенді шаралар нәтижесінде әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылды, қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін енгізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы артты, қоғам алдында есеп беретін, транспаренттік, ашық мемлекетке көшу қамтамасыз етілді, үкіметтік емес сектормен сындарлы әріптестік және ашық диалог жолға қойылды, заманауи және тиімді заңдар қабылданды, халықтың құқықтық санасы, құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениеті өсті. Бұған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың сенім деңгейінің артуы дәлел.

Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралдары: Тәрбиенің тұжырымдамалық мәселелері (Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген); жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің барлығында дерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» (90% аса мектеп) еріктілер клубтары;  барлық жоғары және орта арнайы (кәсіптік) білім беру мекемелері қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы хартиялар; білім берудің барлық деңгейлерінің оқу бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы тақырыпты жекелеген пәндер бойынша енгізу; барлық бакалаврлар дайындайтын мамандықтар мен бағыттар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламалары; Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша типтік оқу бағдарламалары; мемлекеттік грант бөлу конкурсына құжаттарды қабылдау процесін мемлекеттік қызмет көрсету санатына ауыстыру; ЖОО-да құрылған студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін және студенттердің деканатпен байланысын қоспайтын Студенттерге қызмет көрсету орталықтары; білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мысалы, балабақшаларда кезекке тұру мен бос орындарды анықтаудың тәуелсіз автоматтандырылған жүйесі енгізілді, қала мектептерінде оқушыларға арналған бос орындар туралы мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «mektepalmaty» ақпараттық жүйесі жасалды; «Университеттен Университетке» ақпараттық-түсіндірме бағдарламасы, «Адал Бол» студенттік флэш-мобтары, «Жемқорлықтан тыс университет», «Таза сессия» және басқалар.

Сонымен бірге, білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім сала болып қала береді. ЭЫДҰ сарапшылары, Жоғары білім саласындағы жемқорлықтың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін елеулі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ауқымды талдау қажеттілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлауды жетілдіру, қызмет және аккредитациялау ашықтығын қамтамасыз ету, жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, сатып алу тәртібін жетілдіру және т.б.

Үздік халықаралық тәжірибені енгізу үшін аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстандағы ахуалды терең талдау негізінде жасалған қадам ұлттық заңнаманың сапасын арттыру, жаңа мазмұнмен толықтыру, жалпыға танылған халықаралық құқық принциптері мен нормаларына сәйкестендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасайды.

 

  1. Жоба негіздемесі.

1) ел халқының төрттен бір бөлігі (4,5 миллион адам) білім саласында (мектеп оқушылары, колледж студенттері, оқытушылар);

2) білім беру саласы білім берудің ғана емес, сонымен қатар жастардың рухани және мәдени дамуының факторы болып табылады және нақ осы жастық шақта негізгі өмірлік ұстанымдар мен адами құндылықтар қалыптасады;

3) академиялық адалдық – білім беру сапасын және оқушылар мен студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыратын басты факторлардың бірі;

4) сапалы білім мен дұрыс өмірлік ұстанымдарға ие жастар жастық және есейген шағында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетте тұрақтылық танытады.

 

  1. Қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтары. Мемлекеттің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аудару. Алғаш рет превентивті институттар енгізілді – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, талдау және жою. Сыбайлас жемқорлықтан абсолютті бас тарту ахуалын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы халыққа білім және тәрбие беру бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.

Бірте-бірте қоғамдағы жемқорлықты жоюдың ең жақсы жолы ерте алдын алу, тиімді диагноз қою және кешенді емдеу деген түсінік келеді.

Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, алдын алу және жазалаудың тиімді ұштастырылуы бойынша құрылып, іске асырылуда.

Сонымен бірге, мемлекет қылмыстық қудалау институттарын сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін әлсіретпек емес, өйткені заңсыз әрекеттер үшін жазалаудың сөзсіздігі заңдылықтың маңызды принципі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің де көрсеткіші.

Қабылданған шаралардың арқасында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.

 

  1. Ағымдағы ахуалды талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беретін негізгі факторларды анықтай отырып, Жобаны іске асырудың негізгі бағыттарын айқындайды:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;

2) білім беру ұйымдарының ашықтығы;

3) академиялық адалдық;

4) білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;

5) ақпараттық қолдау.