«Абай және құқықтық тәрбиенің өзекті сұрақтары»

2020 жылдың 5 наурызы күні республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалымен ұйымдастырылған «Абай және құқықтық тәрбиенің өзекті сұрақтары» тақырыбы бойынша Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ф.ғ.к., Г.Даукеев атындағы AUES Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры Қ.Мұхамеджан  «Абай адамшылық туралы…», М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдарының магистрі  А.Жұматаева «Абай ілімі – өркениеттілік өлшемі», Алматы қаласы бойынша қоғамдық даму басқармасының бас маманы Г.Ануарбекова «Абай Құнанбайұлы және өнегелік тәрбие» сұрақтары бойынша сөз сөйледі. 

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.Токушев университет қабырғасында «Sanaly urpaq» студенттік клубын жандандыру туралы ұсыныс беріп, жастарды ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының қанатты сөздерін бағыт-бағдар ретінде алып, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, тыйымдарды ұстануды үйрету арқылы парасаттылыққа тәрбиелеу қажеттігін айтты. Осындай тәрбие негізінде, жас ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан азат болуға және жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы тәрбиелеуге шақырды.