Әдістемелік семинарлар жалғасуда

2020 жылдың 04 наурызы күні республикалық «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев Алматы жоғары медициналық колледжінде екі кездесу өткізді.

Бірінші кездесу колледждің басшылары және оқытушылармен өтті. Осы кездесуде колледж директоры Светлана Султангазиева колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы хабарлама жасады. Кездесу барысында Қ.Токушев колледжде атқарылып жатқан іс-шараларға сараптама жасады. Атқарылған жұмыстармен қатар, өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау құралдарының барлық арсеналын пайдалану әлі де өз деңгейінде емес екендігін, қолданыстағы заңнаманы толыққанды іске асыру мүмкіндігі пайдаланылмай отырғандығын, алдын алу-профилактикалық жұмысына тұрақты көңіл бөлу керектігін және сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын пәрменді жүргізу қажеттігін айтты. 

Екінші кездесу «Парасаттылық мектебінің» аясында коллеждің жоғары курс студеттерімен өтті. Бұл кездесу барысында Қ.Токушев «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жұмысымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылатын шараларға тоқталды. «Саналы ұрпақ» клубының жумысына белсенді қатысуға шақырды және сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты 1424 Call center хабарласуға болатынын, заңға енген соңғы өзгерістер туралы жеткізді. Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.