Жарғы

«БЕКІТЕМІН»

Алматы қаласының

әкімі

 

 

_____________ Байбек Б.Қ.

«___»__________ 2018 жыл

  «БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

 

_______________ Шпекбаев А.Ж.

«___»___________   2018 жыл

  «БЕКІТЕМІН»

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры

 

 

_______________ Мұтанов Ғ.М.

«___»___________  2018 жыл

         

 

 

 

 

 «Саналы ұрпақ» жобасының

2018–2020 жылдарға арналған жарғысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2018 жыл

 

 

1 бөлім. Миссия және стратегия

 

  1. 2018-2020 жылдарға арналған «Саналы ұрпақ» жобасының (бұдан әрі – Жоба) миссиясы: сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастар.
  2. Жобаның мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.
  3. Жобаның Стратегиясы елдегі білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында пилоттық бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.

 

2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

 

  1. Негізгі жетістіктер. Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі жаңа моделін іске асырады. Бұл процесс «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда: сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деңгейінде танытатын және мемлекет пен қоғамға осы жағымсыз құбылысқа қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге бағытталған мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Бес институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. Бұл құжаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жүйелік жағдайларын және кез келген көріністеріне қоғамдағы төзімсіздікті қалыптастыруды қарастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында «Нұр Отан» партиясы көп жұмыс атқарады. Елдің жетекші саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы өзінің ең маңызды міндеттерінің бірі ретінде бүкіл азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіреді. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Нұр Отан» 2025 жылға дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны әзірледі. Ол Президент Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына негіз болды.

Соңғы үш жылда 60-тан астам заң қабылданды, олардың әрқайсысы жемқорлықты азайтуға бағытталған. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және тағы басқа заңдары ерекше маңызға ие.

Қабылданған жүйелік және кешенді шаралар нәтижесінде әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылды, қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін енгізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы артты, қоғам алдында есеп беретін, транспаренттік, ашық мемлекетке көшу қамтамасыз етілді, үкіметтік емес сектормен сындарлы әріптестік және ашық диалог жолға қойылды, заманауи және тиімді заңдар қабылданды, халықтың құқықтық санасы, құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениеті өсті. Бұған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың сенім деңгейінің артуы дәлел.

Білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралдары: Тәрбиенің тұжырымдамалық мәселелері (Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген); жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің барлығында дерлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал ұрпақ» (90% аса мектеп) еріктілер клубтары;  барлық жоғары және орта арнайы (кәсіптік) білім беру мекемелері қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы хартиялар; білім берудің барлық деңгейлерінің оқу бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы тақырыпты жекелеген пәндер бойынша енгізу; барлық бакалаврлар дайындайтын мамандықтар мен бағыттар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламалары; Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша типтік оқу бағдарламалары; мемлекеттік грант бөлу конкурсына құжаттарды қабылдау процесін мемлекеттік қызмет көрсету санатына ауыстыру; ЖОО-да құрылған студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін және студенттердің деканатпен байланысын қоспайтын Студенттерге қызмет көрсету орталықтары; білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мысалы, балабақшаларда кезекке тұру мен бос орындарды анықтаудың тәуелсіз автоматтандырылған жүйесі енгізілді, қала мектептерінде оқушыларға арналған бос орындар туралы мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «mektepalmaty» ақпараттық жүйесі жасалды; «Университеттен Университетке» ақпараттық-түсіндірме бағдарламасы, «Адал Бол» студенттік флэш-мобтары, «Жемқорлықтан тыс университет», «Таза сессия» және басқалар.

Сонымен бірге, білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім сала болып қала береді. ЭЫДҰ сарапшылары, Жоғары білім саласындағы жемқорлықтың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін елеулі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ауқымды талдау қажеттілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлауды жетілдіру, қызмет және аккредитациялау ашықтығын қамтамасыз ету, жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, сатып алу тәртібін жетілдіру және т.б.

Үздік халықаралық тәжірибені енгізу үшін аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстандағы ахуалды терең талдау негізінде жасалған қадам ұлттық заңнаманың сапасын арттыру, жаңа мазмұнмен толықтыру, жалпыға танылған халықаралық құқық принциптері мен нормаларына сәйкестендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасайды.

 

  1. Жоба негіздемесі.

1) ел халқының төрттен бір бөлігі (4,5 миллион адам) білім саласында (мектеп оқушылары, колледж студенттері, оқытушылар);

2) білім беру саласы білім берудің ғана емес, сонымен қатар жастардың рухани және мәдени дамуының факторы болып табылады және нақ осы жастық шақта негізгі өмірлік ұстанымдар мен адами құндылықтар қалыптасады;

3) академиялық адалдық – білім беру сапасын және оқушылар мен студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыратын басты факторлардың бірі;

4) сапалы білім мен дұрыс өмірлік ұстанымдарға ие жастар жастық және есейген шағында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетте тұрақтылық танытады.

 

  1. Қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басымдықтары. Мемлекеттің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аудару. Алғаш рет превентивті институттар енгізілді – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, талдау және жою. Сыбайлас жемқорлықтан абсолютті бас тарту ахуалын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы халыққа білім және тәрбие беру бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.

Бірте-бірте қоғамдағы жемқорлықты жоюдың ең жақсы жолы ерте алдын алу, тиімді диагноз қою және кешенді емдеу деген түсінік келеді.

Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, алдын алу және жазалаудың тиімді ұштастырылуы бойынша құрылып, іске асырылуда.

Сонымен бірге, мемлекет қылмыстық қудалау институттарын сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін әлсіретпек емес, өйткені заңсыз әрекеттер үшін жазалаудың сөзсіздігі заңдылықтың маңызды принципі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің де көрсеткіші.

Қабылданған шаралардың арқасында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.

 

  1. Ағымдағы ахуалды талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол беретін негізгі факторларды анықтай отырып, Жобаны іске асырудың негізгі бағыттарын айқындайды:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет;

2) білім беру ұйымдарының ашықтығы;

3) академиялық адалдық;

4) білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама;

5) ақпараттық қолдау.

 

3 бөлім. Жобаның объектілері, субъектілері және оны жүзеге асыру мерзімі

 

  1. Жобаның негізгі міндеттері барлық білім беру ұйымдарында және білім берудің барлық деңгейлерінде жүзеге асырылатын болады.
  2. Жобаның мерзімі: 2018 – 2020 жылдар.
  3. Жобаның объектілері: балабақшалар, балалар үйi, жалпы бiлiм беретін мектептер, орта арнайы (кәсiптiк) және жоғары оқу орындары, қосымша бiлiм беру ұйымдары, балалар лагерi, кәмелетке толмаған балаларды түзеу мекемелерi.
  4. Жобаның субъектілері: балабақшалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектептердің және орта арнайы (кәсіби) оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары (бұдан әрі – білім алушылар), сондай-ақ барлық оқу орындарының мұғалімдері, ата-аналар, ғылыми қызметкерлер.

 

4 бөлім. Жобаны басқару

 

  1. Жоба жетекшісі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Агенттік департаменті).
  2. Жобаны үйлестіру үшін Жобаның жұмыс органы Жоба кеңсесі құрылады. Жоба кеңсесінің міндеті – Жобаны іске асыру, оның мақсаттарына жету, жобалық топтардың қызметін үйлестіру және бақылау. Жоба кеңсесі Агенттік департаментінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Алматы қаласы әкімдігінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізгі қызметінен босатылған негізде жұмыс жасайтын өкілдерінен құрылады. Жоба кеңсесінің жетекшісі болып Агенттік департаментінің қызметкері тағайындалады.
  3. Осы міндеттер бойынша жұмыс тиісті жобалық топтармен қамтамасыз етіледі. Жобалық топтарды үйлестіруді және қолдауды Жоба кеңсесінің басшысы және қызметкерлері жүзеге асырады. Жоба топтарының құрамы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының жауапты қызметкерлерінен, білім беру ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар, сарапшылар және т.б. негізгі қызметінен босатылмаған негізде анықталады.
  4. Жобаның кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, ол келесі негізге алынады. Алматы студенттер мен жастардың қаласы саналады, еліміздің әрбір үшінші студенті осында оқиды. Алматыда 127 қазақстандық жоғары оқу орнының 38-і жұмыс істейді, 138 мыңнан астам студент (республикадағы барлық студенттердің шамамен 28% -ы) жоғары білім алады. Қалада 84 колледж және 245 орта мектеп бар. Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарының жартысы 35 жасқа дейінгі жастар. 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың саны 777,9 мың адамнан асады, бұл елдегі жастардың жалпы санының 45% -ын құрайды.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің негізгі мәселелері Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі Даму Бағдарламасы шеңберінде шешіледі. Бағдарлама Айқындық, Есептілік және Ашықтық қағидаттарына негізделген. Бағдарлама сандық, «ақылды» технологиялар негізделген жобаларды іске асырып, айқындықты қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық үшін қолайлы жағдайларды болдырмайды. Осылайша, қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізілді, ақылы комиссиялар қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырды, биылғы жылы жол полициясы айыппұлдарды қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне өтеді.

Өткен жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жылдамдату мақсатында «Open Almaty» қоғамдық қабылдау ашылды. «Бір терезе» қағидаты бойынша қалалық басқарма, аудандық әкімдіктер, құқық қорғау органдары қызмет көрсетеді.

Тартымды инвестициялық климат құру үшін коммуналдық желілерге қосылу және құрылысқа рұқсат алу процесі электронды форматқа көшірілді.

Өткен жылы электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 8 есеге өсті.

Биылғы жылы әкімдіктің аса маңызды 10 қызметі «paper-free» принципіне, электрондық форматқа көшіріледі.

Бұл жұмыстың барлығы қалалық азаматтарда сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік құбылыс ретінде қабылдамауға бағытталған ашық ойлау, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптастырады.

  1. Жоба кеңсесінде құрамына ЖОО Ассоциациясы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Назарбаев Университеті, КазГЮУ университеті, «Атамекен» ҰКП, ЖОО, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және бизнес-қауымдастық өкілдері енетін Сарапшылар кеңесі құрылады.
  2. Сарапшылар кеңесі Жоба кеңсесінің жетекшісінің есебін тыңдайды, Жоба кеңсесінің жұмыс жоспарлары және нәтижелерімен танысады, Жобаның орындалу барысын бағалайды және өз ұсыныстарын айтады.
  3. Бағдарламаның негізгі міндеттерін шешуді негізгі мақсаты ғалым-заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, педагогтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ тәжірибеден өтушілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жаңа доктриналық тәсілдерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды әзірлеу, іргелі, іздемелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилді эксперименттік дамыту болып табылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар институты тарапынан қамтамасыз етіледі.

Институт міндеттері:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларға ғылыми, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді, студенттерді, магистранттарды, ізденушілерді, докторанттарды, практиктерді және басқа да еріктілерді тарту;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетте пайдаланылатын нақты технологияларды (әдістерді, құралдарды және тәсілдерді) әзірлеу;

білім беру бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін жүзеге асыру, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету (біліктілікті арттыру курстары, мониторинг, ұсыныстар әзірлеу, кеңес беру іс-шаралары, әлеуметтік зерттеу және т.б.);

әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің халықаралық-құқықтық тәжірибесін зерделеу және жинақтау;

елдің қолданыстағы заңнамасын және заң жобаларын құқықтық, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сараптау;

ҒЗИ қызметі бойынша қазақстандық және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

ғылыми-практикалық конференциялар мен басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта монографиялар, мақалалар, ғылыми-аналитикалық материалдар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау және білім беру ұйымдарының оқу процесіне енгізу;

«Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауынан алынған ақпаратты жинау, өңдеу және талдау.

Ұсынылған құрылым осы Жобаны кластерлік басқару үшін негіз болып табылады.

  1. Жобаны басқару тобындағы жобаның рөлі (№1 Қосымша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-бөлім. Басқару құрылымы

 

Жобалық офис

 

 

Сараптама кеңесі

 

 

 

 

1-Бағыт бойынша Жобалау тобы
2-Бағыт бойынша Жобалау тобы
3-Бағыт бойынша Жобалау тобы
4-Бағыт бойынша Жобалау тобы
5-Бағыт бойынша Жобалау тобы

 

6-бөлім. Жобаның мазмұны

 

1-бағыт. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

Мақсат: Халықтың сыбайлас жемқорлық белгілерін қабылдамайтын бөлігін ұлғайту     

Міндеттері: 1) Білім саласының барлық субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын көтеру

2) Білім саласы субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын өсіру

3) Оқушыларды, студенттерді және оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жетекшілеріне айналдыру

 

  1. Негізгі проблемаларды талдау. Қазіргі қоғам студенттердің кәсіптік даярлығына білім талаптар қойып отыр. Қалыптасып отырған жағдайда қызметтің алуан түрлерін сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмай атқару қажеттігі, тұлғаның өз қызметінің мақсаты мен оның әлеумет үшін салдарын түсінуі өзекті. Бұл білім беру процесінің маңызды мақсаттарының бірі болашақ мамандардың санасына кез келген кәсіптік және жеке міндеттерін шешу кезінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамау қағидатына негізделген ойды сіңіруді білдіреді. Тиісінше, сыбайлас жетқорлыққа қарсы мәдениет жағдайында адам қызметінің ерекшелігін ескеретін мәдениеттің ерекше түрін қалыптастыру қажеттігі туындайды. «Жас кәсіпқойлар қоғамы» Республикалық ҚБ Еуропа Одағы қаржыландыратын «Жоғары білім сапасына қатысты шешімдер қабылдау процесіне қатысатын Қазақстан жастарының әлеуетін көтеру» жобасы аясында қазақстандық студенттер арасында жоғары оқу орынларындағы сыбайлас жемқорлық бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 55% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар екендігін растады, бұл ретте студенттердің айтуынша, емтихан немесе сынақ үшін пара алу кең тараған. Сондай-ақ, кітап немесе оқу материалдарын сатып алу, қызмет көрсетуді талап ету секілді бопсалаушылық түрлері де бар. Жатақханаларда орын бөлудеде ашықтық жоқтығы орын алған. «Егер студенттер сыбайлас жемқорлық туралы хабардар етсе, әкімшілік қандай шаралар қолданады?» деген сұраққа көптеген респонденттер бұл жайында біреудің шағымданғаны туралы білмейтіндерін (46,7%) айтса, бірқатары жауап беруге қиналған (23%), ал 9% әкімшіліктің мұндай хабарды елемейтінін атап көрсетті, 9% бұл жайында талқыланғанымен, кейіннен аяқсыз қалатынын хабарлады, тек 12% ғана басшылықтың пара беруге мәжбүрлеген оқушыларды қызметтен босатынын айтты.

Сондай-ақ, көп ретте сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық азамататардың құқықтық сауаттылықтарының аздығынан болып отыр. Азаматтардың өз құқықтарын білмеулері ниеті жаман адамдардың осыны өздерінің алаяқтық мақсаттарына пайдаланып, осыдан баюға мүмкіндік береді.

 

  1. Шешу жолдары. Жоба субъектілерімен олардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттарын көтеру бойынша жүйелі және ауқымды жұмыс жүргізу, жалпы көпшілікте сыбайлас жемқорлықты айыптайтын сана қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дәріптеу. Жоба субъеутілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетекшілеріне, өзгерістердің «агенттеріне» айналдыру.

 

  1. 1-бағыт бойынша негізгі іс-шаралар. «Сыбалас жемқорлыққа қарсы мәдениет».

 

Іс-шаралар атауы Іске асыру мерзімдері Аяқталу

нысаны

Жауапты орындаушылар
1 2 3 4 5
1.  

Білім беру саласындағы әрбір мақсатты тұлғалар үшін (білім алушылар, тәрбиешілер, оқытушылар, оқу орындарының басшылары, ата-аналар) жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламаларды әзірлеу

сәуір – мамыр 2018 жыл әдістемелік нұсқаулар жобасы, оқу бағдарламалары №1 Жоба тобы
2. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі әрбір мақсатты тұлғаларға арналған хэндбук құралын әзірлеу маусым–шілде

2018 жыл

хэндбук №1 Жоба тобы
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру пәндерін оқу бағдарламаларына қосу

(мектепке дейінгі, орта, орта жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына, оқытушылардың білімін жетілдіру, ата-аналармен жұмыс жоспарларына пәндерді енгізу)

маусым-тамыз

2018 жыл

оқу бағдарламалары №1 Жоба тобы
4. Алматы қаласының пилоттық оқу орындарында сарапшылар мен психологтардан тұрақты кері байланыс ұйымдастыру арқылы жемқорлыққа қарсы білім берудің жаңа бағдарламаларын сынақтан өткізу 2018 – 2019 оқу жылы Сынақтан өткізу жөніндегі хаттама №1 Жоба тобы
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша әдістемелік ұсыныстарды және бағдарламаларды олардың апробациялау нәтижелерін ескере отырып түзету маусым-тамыз

2019 жыл

әдістемелік нұсқаулар №1 Жоба тобы
6. Елдің барлық білім беру мекемелерінде жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру 2019 – 2020 оқу жылы БҒМ шешімінің жобасы №1 Жоба тобы
7. Білім беру ұйымдарының (мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының) әрбір категориядағы  мұғалімдердің жұмысын бағалау жүйесін әзірлеу маусым-тамыз

2018 жыл

Мұғалімдердің қызметін бағалау әдістемесі жобасы №1 Жоба тобы
8. Алматы қаласындағы пилоттық білім беру ұйымдарында мұғалімдердің қызметін бағалау жүйесін сынақтан өткізу (оның ішінде мұғалімдердің өз жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді пайдалануын бағалау критерийлерін бағалау әдіснамасында)

 

2018-2019

оқу жылы

Сынақтан өткізу жөніндегі хаттама №1 Жоба тобы
9. Мұғалімдердің қызметін бағалау жүйесін оның сынақтан өткізу нәтижелерін ескере отырып түзету маусым-тамыз

2019 жыл

Мұғалімдердің қызметін бағалау әдістемесі №1 Жоба тобы
10. Елдің барлық білім беру мекемелерінде мұғалімдердің қызметін бағалау жүйесін енгізу 2019 – 2020 оқу жылы БҒМ шешімінің жобасы

 

№1 Жоба тобы
11. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында фильмдер, мультфильмдер, әлеуметтік бейнелерді, Vainas, YouTube арналарын және т.б. жасау және тарату. ANTICORRUPTION TALKS (Антикорруппция туралы әңгімелер) ӨТКІЗУ (ҮЕҰ-ның көрнекті қоғамдық қайраткерлерінің, Азаматтық альянс, блоггерлер, қоғамдық пікірдің көшбасшылары қатысуымен университеттер  базасында дискуссиялық алаңдарынды ашу) Тұрақты

Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде

 

медиа өнімдері №1 Жоба тобы
12. Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдаудағы адамдардың санын арттыруға бағытталған іс-шаралар, форумдар, флеш-мобтар, Challenge және басқа да іс-шаралар өткізу Тұрақты

Жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде

 

шара №1 Жоба тобы
13. (Алматы қаласы бойынша) Ата-аналармен Қамқоршылық Кеңесінің рөлі  туралы түсінік өткізу сәуір- маусым 2018 жыл жиналыс №1 Жоба тобы
14. Алматы қаласының барлық білім ұйымдарында қамқоршылық кеңес құру 2018-2019

оқу жылы

НҚА жобасы №1 Жоба тобы
15. Қамқоршылар Кеңесінің рөлін күшейту 2018-2019

оқу жылы

НҚА жобасы №1 Жоба тобы
16. Елдің барлық білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестерді құру 2019-2020

оқу жылы

НҚА жобасы №1 Жоба тобы

 

  1. 1-Бағыт бойынша жобалау тобының құрамы (№ 2 Қосымша)

 

2-Бағыт. Мөлдір және ашық оқу орны

 

Мақсаты: Қызметі ашықтық ен мөлдірлік қағидаттарына толық сәйкес келетін оқу орындарының санын ұлғайту

 

Міндеттер:    1) Білім беру ұйымдарының бизнес процестерін автоматтандыру және оңтайландыру

2) Білім беру ұйымдарының шешім қабылдаудағы ашықтығы мен мөлдірлігі

3) Білім беру ұйымдарының бюджеттерін қалыптастыру мен жұмсаудағы ашықтығы мен мөлдірлігі.

 

  1. Негізгі проблемаларды талдау. Басқару шешімдерін тұжырымдау мен қабылдау бұрынғыша ең жабық тақырып болып қалып отыр, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі де жоғары. Сонымен қатар лауазымды тұлғалардың қызмет көрсету кезінде халықпен тікелей байланысы да сыбайлас жемқорлыққа жол ашатындай.

Әрбір оқу орны өз қызметінде көптеген шешімдер қабылдайды. Мысалы, мектептерде баланы мектепке қабылдау, оқушыларды сыныптарға бөлу, білім сапасын бағалау, оқытушыларды жұмысқа қабылдау және олардың арасында сағаттар бөлу, үйге оқуға аудару және т.б. Жоғары оқу орындарында жатақханалардан орын беру, тегін оқуға университет грантын бөлу, оқудың басқа түріну ауыстыру (қашықтан, кешкі, сырттай), академиялық демалыс беру, студенттер алмасу бағдарламасы аясында шетелде оқуға стипендия беру және басқалары бойынша шешім қабылданады. Жергілікті атқарушы органлар мен білім саласындағы уәкілетті орган оқу орынарының басшыларын тағайындау, оларыдң арасында гранттар бөлу және т.б. бойынша шешімдер қабылданады. Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректоры лауазымына қойылатын қолданыстағы талаптар өте төмен екендігін атап өту қажет.

Жекедара қабылданған жағдайда шешімдердің әрбіреуінің сыбайлас жемқорлыққа жол ашар алаң болуы мүмкін, өйткені жекелеген ұлғалардың пайдасына орай және сыйақыға қабылдануы мүмкін.

Сыбайластықты төмендететуде әсерлі шараның бірі автоматтандыру болып табылады, өйткені сыбайлас жемқорлық туындауы мүмкін жағдайларды қысқартады, адам фактор мен байланысты болдырмайды. Мысалы, көзделген реттемелердің орындалуын автоматты түрде бақылау үшін атттестация нәтижелерін ақпараттық технологиялар көмегімен дереу БҒМ-ге жіберу осы тектес сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндіктерін азайтуға жол ашар еді.

Алайда БҒМде қолданыстағы ақпараттық жүйелер – «НОБД», «ЕСУВО», «ИАСУД ПНФО» өнеркәсіптік пайдалануға енгізілмеген және сыбайлас жемқорлықты ескертуде тиісінше пайдаланылмай отыр.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің деректері бойынша, 2017 жлы Қазақстанда 470 мың студент бар, олардың 131 мыңы Алматы қаласында оқиды. «НұрОтан» билік партиясының жастар қанаты – «Жас Отанның» деректері бойынша – Алматыда 30 мың орындық 94 студенттер жатақханасы жұмыс істейді, бұл қаладағы төрт студенттің біреуіне ғана жатақхана тиетінін білдіреді. Мұндай жағдайда жоғары оқу орны қызметкерлерінің жекелеген тұлғаларға басымдық беру мүмкіндігі бар.

 

  1. Шешу жолдары. Барлық типтегі оқу орындарының бизнес-процестеріне талдау жүргізу, олар қабылдайтын барлық шешімдер тізбесін қалыптастыру және оқу орнының әрбір шешімі бойынша мөлдірлікті қамтамасыз ету бойынша мөлдірлікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар тұжырымдау, қоғамдық бақылау институтын енгізу, алқалы органдар құру, деректердің ашықтығын және басқа тетіктерді қамтамасыз ету керек. Мысалы, оқушылар мен студенттерден емтихан қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін емтихан алушыны шифрлау арқылы беймәлім етуді енгізу, сондай-ақ оқытушылардың оқыту мен емтихан қабылдау функцияларының арасын ажырату арқылы төмендетуге болады.
  2. БҒМ-ның қолданыстағы және жаңадан жасалатын ақпараттық жүйелерін, әкімдіктердің білім басқармаларын электронды үкімет шлюзымен интеграциялау қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданыстағы ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша шараларды пысықтау және шаралар қолдану қажет.

Ұлттық жоғары оқу орынлары ректорларының халықпен есепті кездесулерінің тиімділігін арттыру мақсатында осы кездесулерде міндетті түрде жариялануы тиіс типтік сұрақтардың тізбесін бекіту, сондай-ақ осы құралды оларыдң мәртебесі мен түріне қарамастан  елдің барлық жоғары оқу орны мен колледждеріне тарату ұсынылады.

 

  1. 2-бағыт бойынша негізгі іс-шаралар. Мөлдір және ашық оқу орындары

 

Іс-шаралар атауы Іске асыру мерзімдері Аяқталу

нысаны

Жауапты орындаушылар
1 2 3 4 5
1. Алматыдағы пилоттық білім беру ұйымдарының бизнес-процестерін талдау

 

2 – 3 тоқсан

2018 жыл

Аналитикалық анықтама №2 Жоба тобы

 

2. Білім беру ұйымдарымен олардың түрлері мен тмптері тұрғысынан қабылданған шешімдердің тізбесін қалыптастыру 3 тоқсан

2018 жыл

шешімдер тізбесі №2 Жоба тобы
3. Ұсынысты дамыту:

білім беру ұйымдарының әр шешімінің ашықтығын қамтамасыз ету;

білім беру ұйымдарының бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру туралы

4 тоқсан

2018 жыл

ұсыныс №2 Жоба тобы
4. Алматыдағы білім беру ұйымдарының сайттарын талдау 2 – 3 тоқсан

2018 жыл

Аналитикалық анықтама №2 Жоба тобы
5. Алматы қаласының барлық білім беру ұйымдарына сайттарды толтыру туралы ұсыныс 2 – 3 тоқсан

2018 жыл

ұсыныс №2 Жоба тобы
6. Жоғары оқу орындарының ректорларының Халықпен есеп берудегі кездесулерінде мәселелердің міндетті түрде жариялануы сұрақтардың типтік тізбесін әзірлеу

 

2 тоқсан

2018 жыл

Сұрақтар бойынша типтік тізбелер №2 Жоба тобы
7. Барлық білім беру ұйымдарының басшылары үшін халықпен міндетті жылдық есеп беру кездесулерді жоспарға енгізу

 

3 – 4 тоқсан

2018 жыл

БҒМ –не ұсыныс №2 Жоба тобы

 

  1. 2-бағыт бойынша жоба командасының құрамы (№ 3 қосымша).

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру арқылы оқу сапасын арттыру

Міндеттер:    1) Білім беру ұйымдарында «баға сатуды» қабылдамайтын орта қалыптастыру

2) Оқушылар мен студенттер арасында білім культын көтеру

3) ЖОО-ның, колледждердің және мектептердің академиялық адалдықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді ендіру бойынша ретингін ендіру

 

  1. Негізгі проблемаларды талдау. Жалпы Қазақстанда білімнің даму деңгейі жоғары. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту нәтижесінде 3-6 жастағы балаларды қамту 85,8%-ға дейін өсті. Орта білімде жоғары қамту деңгейі байқалды (98,1%). Бастауыш мектептердегі білім сапасы бойынша Қазақстан TIMSS рейтингіндегі 15 үздік елге кіреді.

Сонымен бірге, Қазақстанның PISA рейтингісі бойынша орташа балы ЭЫДҰ елдерінің осындай көрсеткішінен 10%-ға төмен, бұл орта білімнің сапасын көтеру қажеттігін көрсетеді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан орта білім сапасы бойынша 138 елдің ішінде 68-орын алады, жоғары білім сапасы бойынша 63-орын, персонал даярлау мен дамыту деңгейі бойынша 70-орын және мектеп менеджменті сапасы бойынша 100-орын алады.

QS WUR әлемдік рейтингтерінде барлығы сегіз қазақстандық ЖОО аталған, олардың екі ЖОО-сы топ-300 бен топ-400-ге кірген.

Білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі академиялық адалдық.

Елдің білім ұйымдарында білім берудің барлық деңгейінде әлі де «баға сату» деген бар, еңбегі сіңірілмеген жоғары баға қою ментальдық деңгейде үйреншікті жағдайға айналып кетті. Нәтижесінде бос жұмыс орынарының елеулі санының болуы кезінде елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9% (stat.gov-тың 2017 жылғы 4-тоқсандағы дерегі бойынша). Бұл ретте жұмыссыздардың 39%-дан астамын 25-34 жастағы жастар құрайды, осы жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық (5,8%). Бұл жастардың жоғары оқу орындарында оқуын және ЖОО-дан кейінгі оқуды аяқтайтын жасы. Сонымен қатар, жұмыссыздардың жалпы санының 71%-дан астамы жоғары және кәсіптік білімі барлар.

  1. Шешу жолдары. Білім ұйымдары академиялық адалдықтың элементі болатындай оқушылар мен студенттердің академиялық мәдениетін арттыруға мүдделіліктерін ынталандыратын жағдай құру. Атап айтқанда, ЖОО-лардың, коллдеждердің және мектептердің академиялық адалдығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуін қамтамасыз етуі бойынша тәуелсіз рейтинг құру ұсынылады, ол білім ұйымдарының білім алушыларда да, сол секілді оқытушылар құрамында да академиялық этиканы көтеру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдер мен шараларды қалыптастыру мен институционалдандыруда ықпалды құрал болуға тиіс.

 

 

  1. 3-Бағыт бойынша негізгі іс-шаралар. Академиялық адалдық.
Іс-шаралар атауы Іске асыру мерзімдері Аяқталу

нысаны

Жауапты орындаушылар
1 2 3 4 5
1 Студенттердің академиялық адалдықтарын сақтау ережесін және мұғалімдерге арналған жемқорлыққа қарсы міндеттерді әзірлеу сәуір – маусым

2018 жыл

Міндеттемелер ережесі Жоба тобы №3
2 Елдің барлық білім беру ұйымдарында студенттердің академиялық адалдықтарын сақтау ережесін және мұғалімдерге арналған жемқорлыққа қарсы міндеттемені негіздеу 2018-2019 оқу жылы Жоба мекемесіне есеп  

Жоба тобы №3

3 Академиялық адалдықты (benchmarking) қамтамасыз етуде оң нәтижелерге ие білім беру ұйымдарының тәжірибесін зерттеу. 2018 жылдың 2 тоқсаны ұсыныстар  

Жоба тобы №3

4 Білім беру мекемесінің әр түріне академиялық адалдықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерін іске асыруда benchmark бағдарын құру. 2018 жылдың 3 тоқсаны әдістемелік ұсыныстар  

Жоба тобы №3

5 Білім беру ұйымдарын (мектептер, колледждер, ЖОО) ұйымдастырудың әрбір санаты үшін мұғалімдердің жұмысын бағалау жүйесін әзірлеу маусым-тамыз 2018 жыл Мұғалімдердің қызметін бағалау Әдістемесінің жобасы Жоба тобы №3
6 Алматы қаласындағы пилоттық оқу орындарында оқытушылардың қызметін бағалау жүйесін сынақтан өткізу (оның ішінде оқытушылардың өз жұмысында жемқорлыққа қарсы тетіктерді пайдалануын, бағалау критерийлерін бағалау әдіснамасында) 2018-2019 оқу жылы апробация хаттамалары Жоба тобы №3
7 Апробация нәтижелерін ескере отырып,  оқытушылардың қызметін бағалау жүйесін реттеу маусым-тамыз 2019 жыл Оқытушылардың қызметіне баға беру әдістемесі Жоба тобы №3
8 Елдің барлық білім беру мекемелеріне оқытушылардың қызметін бағалау жүйесін енгізу 2019 – 2020 оқу жылы Білім және ғылым министрліктің жоба шешімдері Жоба тобы №3
  1. 3-бағыт бойынша жоба тобының құрамы (№ 4 қосымша).

 

4-бағыт. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

Мақсаты: Білім беру саласын реттейтін заңнамалардағы жанжалдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

 

Міндеттері:1) Заңнамалық және заңға бағынышты заңнамалардағы жанжалдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау
2) Заң жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет аясында ең озық халықаралық тәжірибелерді енгізу

 

  1. Негізгі мәселелерді талдау. Салалық заңдардың жетілмегендігі сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі және ең маңызды фактор болып табылады. Қазіргі Қазақстан заңнамасының, оның ішінде білім беру саласындағы нормалары құқытық қолдану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндіктер туғызады, себебі құқықтық кемшіліктер, қақтығыстар, дискрециялық өкілеттіктер сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын олқылықтар кездеседі.

Азаматтар, әдетте, құқықтанудың егжей-тегжейін толық түсінбейді, сондықтан мұндай заңдардың ережелерін дұрыс түсіну және түсіндіру қиындық туғызады.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ) қызметін жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы осындай нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік қызмет стандарттары мен нормативтерінің сәйкес келмеуі сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады;  Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарында оларды беруден бас тарту үшiн негiздердiң тiзбесiнің болмауы; Мемлекеттік қызмет регламентінде (әрекеттерінде) рәсімдердің жоқтығы; конкурстық комиссиялардың қызметін құқықтық реттеудің жоқтығы; өздерінің ішкі актілерімен бекітілген оқу орындарының регламентінде бекітілген, бос лауазымға үміткерлерді іріктеу кезінде конкурстық рәсімдерді өткізуді жиі алып тастайтын кадрлық саясатты жүзеге асыруда бірінші басшылардың қалауы бойынша өкілеттіктері; мемлекеттік орта білім беру мекемелер басшыларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелерін құқықтық реттеудегі құқықтық кемшіліктер мен қақтығыстардың орын алуы.

Мысалы, Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы № 57 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларын конкурстық ауыстыру ережесін бекіту туралы» (әрі қарай – Ереже) бұйрығына сәйкес, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негізде ауыстыру екі негіз болған жағдайда ғана білім беру басқармасы органдарымен жүзеге асырылады: (1) егер орта білім беру мекемесі директорын қызметінің орны бос болған жағдайда және (2) осы лауазымда өз қызметін бес жыл сайын жүзеге асырғаннан кейінгі басшылық жұмысын атқарған болса. Сонымен қатар, конкурстық ауыстыруды жүзеге асырудың екінші негізі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 2-тармағына қайшы келеді (осы ережеге сәйкес конкурс бос лауызымы бар  мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорындар жүргізеді).

Ережеде жарыстың нәтижелерін қорытындылау рәсімі қарастырылмаған, бұл елеулі заңдық олқылық болып табылады. Сұхбаттасу рәсімі байқау тәртібінің бір бөлігі ретінде құқықтық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті дәрежеде реттелмеген.

Бұдан басқа, Ереженің 19-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ауыстыру туралы кандидаттарға қойылатын талаптар Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген «Оқытушылар мен тең құқықты тұлғалардың біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, оларды іріктеу немесе тағайындау кезіндегі комиссия мүшелеріне қойылатын өлшемшарттар мен талаптар ережелерімен бекітілмеген; белгілі бір мерзімде комиссиялық құрамын ауыстыру немесе қайта қарау тәртібі; ашық немесе жабық (дауыс беру арқылы) комиссия мүшелерінің түпкілікті шешім қабылдау нысандарын белгілеу ережесі; сұхбаттасу мен шешім қабылдау процесінде олардың қатысуымен конкурс комиссиясының мүшелеріне қатысты талаптар мен бағалау өлшемдері сыбайлас жемқорлықты да жоққа шығармайтын субъективті шешім қабылдау үшін жағдайлар жасайды; байқау комиссиясының дәлелденген заңсыз, субъективті шешімдерін дәлелдеу, аппеляция мен шағым түсіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды әрекет болып табылатын сұхбаттасудың видео/аудио жазбаларын тіркеу қарастырылмаған.

Құқықтық олқылықтардың басқа да үлгілері – Жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарын конкурстық негізде ауыстыру ережелері. Мұнда байқау комиссиясының шешімдері мен аппеляциялық (шағым жасау) процедуралары бекітілмеген, мұндай процедураларды өткізу үшін негіздемелер жазылмаған, соның ішінде Ережелердің, басқа да ішкі актілердің талаптарымен, сондай-ақ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасымен талап етілген үміткерлердің құқықтары мен заңды мүдделері анық бұзылғандығы анықталған жағдайда. Бұл олқылық ведостволық бағынышты ұйымдар қызметкерлері жағынан, сонымен қатар конкурстық комиссия тарапынан жасалған заңсыз және заңнан тыс әрекеттеріне шағымдану  лауазымға үміттенушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін айтарлықтай шектейді.

ҚР БжҒМ бұйрығымен 2011 жылғы 31 наурызында бекітілген №126 «Диссертациялық кеңес туралы типтік Ережесін бекіту туралы» Диссертациялық кеңес туралы Ережеде (бұдан әрі – Ереже) қайшылықтар кездеседі.

Осылайша, Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес, диссертациялық кеңес құжаттарды қабылдағаннан күннен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей диссертацияны қорғау күнін анықтайды. Бұл ретте, қорғау туралы құжаттарды қабылдаған күнінен бастап диссертацияны қорғау мерзімдерін жеделдетуге байланысты Регламентпен белгіленбеген тәуекелдер тудыруы мүмкін .

Аталған Ереженің 14-тармағына сәйкес диссертациялық кеңестің құрамынан пікір білдірушінің рұқсат етілуі, объективтік пен тәуелсіздік қағидаттарына қайшы келіп, мүдделер қақтығысын тудырады.

Ереженің 20-тармағына сәйкес, докторлық диссертация қорғалғаннан кейін ғалым хатшы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жіберілетін докторанттың аттестациялық жұмысын құрастырады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін аттестациялық іс қарауға қабылданбайды.

Қабылдаудан негіздемесіз бас тарту Ережесінің қазіргі нұсқасы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын тудырады.

Ереженің 15-тармағына сәйкес диссертациялық кеңес университеттің интернет-ресурстарына докторанттардың қорғаулары мен кеңестің қызметі туралы ақпараттарды, соның ішінде қорғаудың бейнежазбасын 5 ай аралығында орналастырады.

Алайда, бұл алдын алу шарасы жоғары оқу орындарымен толығымен орындалмайды. Осылайша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметін талдау барысында 2017 жылғы 83 диссертациялық қорғау жұмыстарының 23-де диссертациялардың бейнежазбалары болмаған (2017 жылғы 21 қарашадағы ВКС іріктеп тексеру нәтижесі бойынша, бейнематериалдардың саны уақыт талабы бойынша көбеюі мүмкін).

Сонымен қатар, сараптамалық қорытынды материалдарында Сараптамалық кеңестің мүшелері бейнежазбаның толық нұсқасының берілмеу фактілері көрсетіледі (докторанттың қорғау стенограммасында жауаптарының жоқтығы дәлелденеді).

Ережеде мұндай тәртіп бұзушылық диссертациялық кеңес мүшелерінің дербес жауапкершілігі туралы нормалардың жоқтығынан туындайды, бұл сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік беруі ықтимал.

 

  1. Шешу жолдары. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін нормативтік құқықтық актілерді, олардың пайда болуымен байланысты жағдайлар мен себептерді үнемі талдау. Талдау жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, заңды кемшіліктерді, дискрециялық өкілеттіктердің, мүдделер жанжалдарының болуында әкімшілік кедергілердің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибені зерделеу, Қазақстанның жағдайына қолайлы ең үздік тәжірибелерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, олардың таралу деңгейі нормативтік құқықтық актілердегі кемшіліктерді анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде құқық қорғау тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шараларды әзірлеуге көмектеседі.

 

  1. Бағыт бойынша негізгі қызмет түрлері 4. Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы заңнамалар
Іс-шаралардың атауы Жүзеге асыру мерзімі Қорытынды Жауаптылар  
1 2 3 4 5
1 Жанжалдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін білім беру саласындағы заңнаманы талдау:

заңдар;

 

заңға тәуелді актілер

 

2 – 3 квартал 2018 жыл

3 – 4 квартал 2018 жыл

аналитикалық анықтама Жоба тобы №4
2 Қолданыстағы НПА-ға түзетулер енгізу туралы ұсыныстар дайындау 3 – 4 квартал 2018 жыл жоба

НПА

Жоба тобы №4

 

  1. 4-бағытта жоба тобының құрамы (№5 қосымша).

 

Бағыт 5. Ақпараттық қолдау

Мақсаты: Халықты жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы және оның орындалу барысы туралы ақпараттандыру

Міндеттері: 1) Жобаны қуатты ақпараттық қолдау.

2) Бұқаралық ақпараттық құралдары, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы «кері байланыспен» қамтамасыз ету.

3) Жобаға азаматтарды, сарапшыларды, қоғам қайраткерлерін, білім беру мен ғылымның субъектілерін барынша тарту.

 

  1. Негізгі мәселелерді талдау. Қолданыстағы ақпараттық өріс сыбайлас жемқорлық көріністеріне кедергі жасауға, оны қабылдамауға жеткілікті түрде ықпал етпейді. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үлгісін қалыптастыру бойынша жүйелі ақпараттық жұмыс жоқ. Ғаламтор кеңістігі жеткіліксіз қамтылған.

Қазіргі уақытта, медиа- журналистердің бір тобы жұртшылыққа жедел ақпарат беретін, жаңалықтармен қамтамасз ететін дереккөздер болып табылады. Дегенмен, көбінесе бұл жаңалықтарды тікелей дереккөздерден емес, оларды жеке контексттерден және қосалқы көздерден қайта жасайды, сол арқылы халықты өткізілген іс-әрекеттердің дұрыс және толық мәнін әрдайым нақты және нақты көрсете бермейді. Сондықтан, ақпараттық есептің дұрыстығын реттеуге ғана емес, журналистік этиканы жақсартуға да қажет.

Желілердің ең көп пайдаланушылары жастар болғандықтан,  олар әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды жиі оқиды, олардың жасы және жағдайды түсінуін ескере отырып, пиар-менеджері қажетті ақпараттың түрлі контингентіне құзыретті ақпарат беруін талап етеді. Бұл жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған объективті дүниетаным қалыптастыруға мүмкіндік беретін желілерді орналастыру үшін түрлі желілерді орналастырудың әртүрлі түрлерін дұрыс бақылауға тиіс сарапшылардың дұрыс іріктелуінен тұрады.

Ақпараттық және имидждік жұмыс – бұл біржолғы науқан емес, бірақ біздің мақсатымыз бен міндеттерге жетуге бағытталған ұйымның күнделікті жұмысының бөлігі, біздің бөліміміздің басты міндеті – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы және мемлекеттік билік институтына деген сенімді нығайту туралы оң пікір қалыптастыру.

 

  1. Шешімнің жолдары. Ақпараттық жұмыс жүйелі түрде жасалуы керек. Жобаны іске асыру туралы ақпарат әрбір мақсатты категория бойынша мұқият дайындалуы керек. Ақпараттың алдын ала мазмұны мен форматын психологтар белгілі бір санаттағы тұлғаларды қабылдау үшін бағалайды.

Журналистер, блогерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді оқушылар мен студенттердің арасынан жобаға тікелей ақпараттық алаң жасайтын арнайы PR-тобы құрылуы тиіс. Олар ақпарат пен басқа да медиа-технологияларды дұрыс беру дағдыларына үйретілуге және тиісті дайындықтан өтуге тиіс (шешендік дағдылар, сөйлеу дағдылары және т.б.).

Әлеуметтік желілерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайтын, ақпараттық сайттарды сараптайтын, кері байланыс алу үшін үнемі ескертулер жасайтын PR сарапшыларының белгілі бір тобын қалыптастыру.

 

  1. Бағыттар бойынша негізгі шаралар 5. Ақпараттық қолдау

 

Іс-шаралардың атауы Жүзеге асыру мерзімі Қорытынды Жауаптылар  
1 2 3 4 5
1 Журналистер, блогерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді оқушылар мен студенттердің арасынан PR-тобын құру сәуір 2018 жыл Жоба кеңсесінің есебі Жоба тобы №5

 

2 Белсенді Social Media Marketing қалыптастыру (әлеуметтік желілердегі маркетинг (ағылшын) сәуір 2018 жыл Жоба кеңсесінің есебі Жоба тобы №5
3 Жеке сайтты, YouTube арнасын, Интернет арнасын, Call-center құру. сәуір 2018 жыл Жоба кеңсесінің есебі Жоба тобы №5
4 Ақпараттық және басқа медиа технологияларын дұрыс беру дағдыларында PR-топтарды үздіксіз оқыту жобаның кеңсесі қызметінің мерзімі бойы Жоба кеңсесінің есебі Жоба тобы №5
5 Ақпараттық салада сарапшылардың, қоғамдық, беделді тұлғалар өкілдерінің тізімін құру жобалық кеңсесінің жұмысы туралы оң көзқарас қалыптастырады сәуір – мамыр 2018 жыл Жоба кеңсесінің есебі Жоба тобы №5
6 Жоба кеңсесінің жұмысы туралы БАҚ-та ақпарат пен түсініктемелерді үздіксіз бақылау. жобаның кеңсесі қызметінің мерзімі бойы Жоба кеңсесінің есебі Жоба тобы №5

 

  1. 4-бағыт бойынша жоба тобының құрамы (№ 4 қосымша).

 

7 бөлім. Жобадан күтілетін нәтижелер

  • Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдайтын және білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін халықтың үлесін арттыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді іске асыруды үйретудің сапасын арттыру;
  • Кластерлік форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе құру;
  • Ғылыми көзқарас негізінде инновациялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды әзірлеу және енгізу.

8 бөлім. Шектеулер мен болжамдар

 

Атауы Сипаттама
Шектеулер
Жоба шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шараларды қаржыландыру Жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтің ағымдағы жылға арналған мемлекеттік органының бюджетіне жетіспеушілік (болмауы)
Мемлекеттік сатып алу қажеттілігі Мемлекеттік сатып алу рәсімінің ұзақтығы
Ұйымдастырушылар арасындағы әлсіз үйлестіру және өзара әрекеттесу Қызметкерлерді қадағалау жөніндегі жобаларға қатысу, мемлекеттік органдарда үйлестірудің ұзақ мерзімді процедуралары, Жобаға тартылған тұлғалардың жұмысты түсінбеуі.
Негізгі жұмыс бойынша жобалық топ мүшелерінің жұмыс жүктемесі Белсенділіктің жеткіліксіздігі, жоба мүшелерінің негізгі жұмыстарын атқаруына байланысты іс-шаралардың орындалу мерзіміне нұқсан келуі
Жобаны іске асыру үшін жеткіліксіз ресурстар Жобалық топтарға қатысатын адамдардың санының жеткіліксіздігі
Қолданыстағы заңнаманың нормалары Нормативтiк құқықтық актiлермен реттелетiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындауға тыйым салу мен шектеулер
Болжамдар
Мерзімдердің өзгеруі Жоба кеңсесінің жұмысында тапсырмаларды, іс-шаралардың орындалу мерзімдерін қайта қарау
Қаржыландыру Басқа республикалық және аймақтық жобалар мен іс-шаралар шеңберінде Жобаны қаржыландыру мүмкіндігі
Жобалық топтардың құрамын өзгерту Жобалық топтардың санын өзгерту, жобалық басқару топтары мүшелерінің рөлін өзгерту мүмкіндігі
Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Жобаны іске асыру кезінде міндеттердің басымдықтарын, жағдайлардағы өзгерістерді ескере отырып, осы Жарғыны түзетуге қайтару мүмкіндігі
Әр түрлі профильдегі мамандарды тарту Қысқа немесе ұзақ мерзімге жұмысқа мамандарды тарту мүмкіндігі (сарапшылар, психологтар, БАҚ өкілдері, конфликтологтар, IT-мамандары)