Арыз қаралды.

     10.01.2020ж. №100 жалпы орта мектебінде 1 «б» сынып оқушысының ата-анасы Зарина Смағұлованың арызы бойынша комиссия құрылды, комиссия құрамында «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А. Токушев, Алматы қалалық білім басқармасының өкілі Д. Беймендинова, Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы А.Ә. Сапарова, және №35 гимназия мектебінің директор орынбасары А.А. Жолдыбаева болды.

     Комиссия аталған арызды қарастырып, нақты шешімге келді: сынып жетекшісіне сыйлыққа ақшалай қаражат жинау фактісі анықталмады, сынып қорына ақша жиналмайды, ата-аналар комитеті құрылмаған, ата-аналардың өздері жинаған қаражаты өз балаларының жаңа жылдық сыйлықтарына жұмсалғаны анықталды.

     Ата-аналар арасындағы өзара келіспеушілік жағдайы бітімгершілік келісімге келді.

    Сонымен қатар, комиссия мектеп әкімшілігіне Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабының 2 тармағын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қатаң сақтау, қала мектептерінде білім беру ұйымдарында ақша қаражатын жинауға жол бермеу мақсатында және оқушылардың ата-аналарымен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.